Қаз

Жаңалықтар

Азия аймағының төзімділік мәдениеті

Бөлісу

2020 жылдың 16-17 қарашасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаев Халықаралық толеранттылық қоры ұсынған серіктестің шақыруымен «Азия аймағының төзімділік мәдениеті» онлайн конференциясында сөз сөйледі.

Конференция барысында конфессияаралық және мәдениетаралық түсіністік, спорттағы толеранттылық, жастар және корпоративтік орта сияқты тақырыптар да кеңінен талқыланды.

Аталған шараға Қордың Төрағасы Шейх Салем Аль-Кассими (БАӘ), Амстердам Халықаралық Бизнес мектебінің және Амстердам Қолданбалы ғылымдар университетінің доценті д-р Мэй Нгуен (Нидерланды), Дүниежүзілік банктің апаттар қаупін басқару бағдарламасының жетекшісі Садик Хуссейн (Үндістан), «Blue Sky» дамыту қорының өкілі Виктория Уморен (Нигерия), Король Фейсал университетінің сандық әдістер бөлімінің бастығы д-р Мелфи Альрашиди (САК), Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы доктор Кинг Чик (АҚШ), Қор директоры д - р Джордж Симонс (Франция), Солтүстік-Шығыс Үндістанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы профессор Анил Сривастав, «International Consultants and Investigations» Президенті және Бас директоры д-р Эрл Джонсон (АҚШ), Біріккен Араб Әмірліктері Университетінің педагогикалық колледжінің доценті доктор Гада Аль-Муршиди қатысты.