Жаңалықтар

«Әлемді өшпенділікке қарсы біріктіреміз» «Хрусталь түні» атты оқиғаға орай өткізілген ынтымақтастық іс-шарасы

Бөлісу

9 қарашада Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының көмегімен «Хрусталь түні» атты қайғылы оқиғалардың 82 жылдығына арналған онлайн-ынтымақтастық шарасын өткізді.

1938 жылдың 9 қарашасы - «Хрусталь түні немесе сынған терезелер түні» - бұл Еуропадағы 1400-ден астам синагогалар мен еврей қауымдастығының жойылуы басталған күн. Бұл критикалық сәт Холокосттың негізін қалаушы факторлардың бірі болды.

Бүгін де әлемде түрлі діни ұйымдарға әлі де шабуыл жасалуда.

Бірлік пен ынтымақтастық науқаны 2020 жылдың 2 қарашасында www.motl.org/let-there-be-light сайтында басталды және 2020 жылдың 9 қарашасында аяқталады: онда «әлемді біріктіру туралы ортақ шешім қабылдауға немесе өшпенділіктің қараңғылығына жарық беру туралы өз уәдеңді беруге мүмкіндік бар.

«Жарық болсын» слоганы науқанның ұранына айналып, барлығын антисемитизмге, нәсілшілдікке, жеккөрушілік пен төзімсіздікке қарсы ынтымақтастыққа бірігуге, сондай-ақ бүкіл әлемдегі діни ұйымдар мен мекемелердің жабылуына жол бермеуге уәде беруге шақырды.

Бір-біріне төзімділік қатынасты, ынтымақтастықты қалыптастыру және халықаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау бойынша бірлескен күш-жігерді біріктіру мақсатында, бұл науқанға Қазақстан Республикасының діни конфессияларының өкілдері, Израиль елшілігінің басшылығы және Назарбаевтың Конфессиялар мен өркениетаралық диалогты дамыту орталығы қосылды.

Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басқарма төрағасы Алтай Әбибуллаев өз сөзінде «қазіргі Қазақстан - 130 этностар мен 18 діни конфессиялардың өкілдерін біріктіретін бейбітшілік, қоғамдық келісім, рухани аймақ пен тұрақтылықтың үлгісі. Еврей қауымдастығы - бұл біздің этносаралық келісім мозайкасының ажырамас бөлігі. Осыған орай, мәдениеттер арасындағы диалог, бірлік пен төзімділік Қазақстан үшін барлық уақытта өзекті болып табылады», - деп атап өтті.

 «Біз әртүрлі діндер өкілдерін жеккөрушілікке, нәсілшілдікке және антисемитизмге қарсы үндеуге шақырамыз. Израиль мемлекеті Қазақстанның бейбітшілік, өзара түсіністік және діндер арасындағы диалог саясатын жалғастырып жатқандығын жоғары бағалайды », - деді елші Лиат Вексельман.

Алғашқы дұғаны Әзірет Сұлтан мешіттің наиб имамы Бақытжан имам оқыды.

 «Мен Хрусталь түнінің қайғылы оқиғалары ешқашан қайталанбауы үшін өзімнің қолдау және ынтымақтастық сөздерімді айтамын», - деді Протоиерей Дмитрий Байдек дұға алдында.

Католик шіркеуінің өкілі, қасиетті епископы Атаназиус Шнайдер: “Хрусталь түні» еврей халқына деген зор әділетсіздік мен қудалаудың бастамасы болғанын айтты”. Осы қуғын-сүргін құрбандарының барлығының жанын тыныштандыру үшін дұға оқылды.

«Біз діни сенім бостандығы маңызды қағидаттардың бірі болып табылатын елдеміз, олардың сенімі мен ұлтына қарамастан басқа адамдарға деген сүйіспеншілік маңызды аспект болып табылады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының бас раввині Шмуэль Карнаух.

«Хрусталь түні» өз атауын Германия көшелерін қаптаған шыны сынықтарынан алғанын және погромның бастамасы болғанын естеріңізге сала кетейік. Ол осы зорлық-зомбылық кезінде тоналып, жойылған еврейлерге тиесілі, синагогалардың, үйлердің, дүкендердің және жеке мекемелердің сынған терезелерінің сынықтары болатын