Жаңалықтар

Ресейдің діни лидерлері мемлекетте ар полициясын құруды ұсынады

Бөлісу

Полиция адамгершілік кемшіліктерімен күресіп, кедейлерді қорғауы тиіс.

Ресейдің жетекші дін өкілдері елде қылмыстың алдын алуға бағытталған құқықтық институттың жоқтығына назар аударды.

 «Бізде ақыл полициясы, немесе ар полициясы ескерілмеген», - деп Ресейдегі еврей діни ұйымдары мен бірлестіктерінің Конгресс төрағасы раввин Зиновий Коган сәрсенбі күні дөңгелек үстел басында «Интерфаксте» айтты.

Раввиннің пікірінше, ар полициясы - бұл қылмыстың алдын алып, қоғамның кедей және әлсіз мүшелерінің мүдделерін қорғап, имансыздық, ашкөздік пен жезөкшелікке қарсы күресуі тиіс полиция.

Раввин құқық қорғаушы органдарда аз әйел адам қызмет ететіні туралы мәлімдеп, өзі ұсынған институтқа ішкі істер министрінің орынбасары болатын әйел адам басшы болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Өз кезегінде Мәскеудегі Ресейдің Буддист дәстүрлі сангхасы басшысының өкілі санжей-лама Андрей Бальжиров полицейліктердің ар-намыс кодексінің құрылуын қолдады.

Ресейдегі Армян апостол шіркеуінің епархия өкілі дін қызметшісі Геворг Варданян кодекс «халықтың  дәстүрі мен ішкі ойына» негізделуі тиіс, ал әр полицейлік өзі қорғайтын заңға сенуі тиіс екенін көрсетіп, өз қатарласының бастамасын қолдады.