Жаңалықтар

Орталық Мұсылман ақсақалдар кеңесінің өңірлік үйлестірушісі және Дін істері комитетінің төрағасымен үшжақты кездесу өткізді

Бөлісу

2025 жылғы 8 сәуірде Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Орталық Азия бойынша бас үйлестірушісі, Сенатор Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы Ержан Нүкежанов және Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқарма Төрағасының м.а. Марат Қалижановтың қатысуымен үшжақты кездесу өтті.

Кездесу аясында 2024 жылы Астана қаласында ашылған Мұсылман ақсақалдар кеңесінің ­­­­­­­­­­­­Орталық Азия өкілдігінің қызметі мен болашағы, сондай-ақ қазіргі ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолдары талқыланды. Тараптар жастармен жұмыс, мәдени-гуманитарлық жобалар және бейбіт қатар өмір сүру құндылықтарын насихаттау бағытында бірлескен бастамалардың маңызын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы мен Мұсылман ақсақалдар кеңесінің арасында жасасқан меморандум аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді. Бұл шешім Қазақстандағы дінаралық татулықты нығайтуға және халықаралық деңгейде диалог алаңдарын дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз.