2025 жылғы 7 наурызда Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында Мысыр Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстан Республикасындағы Тұрақты емес Төтенше және Өкілетті Елшісі Ибтиссам Ракха Хассан мен Орталықтың басқарма төрағасының м.а. М.Қалижановтың кездесуі өтті. Кездесу барысында алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезін және оған Мысыр делегациясының қатысуын талқылады. Мысыр тарапы дінаралық диалогты орнатуға және қолдауға бағытталған халықаралық бастамаларды қолдайтынын білдірді.
Басқарма Төрағасының м. а. Қалижанов Марат Уәлиханұлының Мысыр Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісімен кездесуі өтті
Бөлісу