Жаңалықтар

Марат Калижанов Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

Бөлісу

2025 жылдың 11 ақпанында Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасы м.а. Марат Калижанов пен төраға орынбасары Бауыржан Бакировтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында М. Калижанов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIІI Съезін, Хатшылықтың ХХІІІ отырысын және ІІ Жас діни лидерлердің форумын ұйымдастыру және дайындау бойынша орталықтың жұмысы туралы хабардар етіп, ҚМДБ-ның конфессияаралық және этносаралық келісімнің қазақстандық моделін ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтті.

Өз кезегінде, Бас мүфти ҚМДБ тарапынан Съез идеяларын ілгерілету бойынша Орталықпен бірлескен іс-шаралар өткізуге барлық қажетті күш-жігер жұмсалатынына сендірді.