Жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ – ІЗГІ НИЕТТІЛЕР АЛАҢЫ

Бөлісу

Қазіргі әлемдік экономика, индустрия мен технологиялар дамыған заманда халықаралық қатынастардың ынтымақтастығы көбеюмен ерекшеленеді. Жаһандық дамудың маңызды мәселелері әр түрлі алаңдарда талқылануда. Әлемдік көшбасшылар тұрақты дамудың ортақ мақсаттарына қол жеткізу үшін, бар қайшылықтарды сындарлы түрде шешуге ат салысуда.

Соңғы жылдары әлемде геосаяси қарама-қайшылықтар күшейе түсті. Саяси тәжірибеге қарама-қайшылықты тәсілдер мен әскери-күштік әдістер қайта оралды. Бұл жайттарды күнделікті газет-журналдар мен жаңалықтар беттерінен бақылап отырмыз. Көршілес елдер арасындағы және Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар геосаяси жағдайлардың күрт нашарлауына әкелді.

Сондай-ақ, жаһандық проблемалар қатарына - ядерлық қақтығыстар, босқындар санының өсуі, климаттық өзгеріс, құқытардың тапталуы, цифорлық технологиялардың дамып құндылықтардың құнсыздануы және тұтынушылық, материалдық қоғамның қалыптасып, құндылықтар мен мәдениет күрт өзгеруі.

Мұндай жағдайда бейбіт даму мен ынтымақтастық моделін қайта жаңғырту қажет. Диалог – халықаралық мәселелерді шешудің негізі құралы болуы тиіс. Бірде-бір мемлекет немесе ұйым жалғыз өзі жаһандық проблемалармен және адамзатқа қауіп төндіретін сын-қатерлерді жеңе алмайды. Адам өмірінің орталығында қайткенмен рухани құндылық жатыр. Ерте ме, кеш пе, адамдар болмыстың негізгі мәселелеріне назар аударады және рухани дамудың қажеттілігін сезінеді.

Бұл жағдайда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рухани және адамгершілік құндылықтарды сақтаушы ретінде рөлі айтарлықтай маңызды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі әлемдегі әртүрлі діни қауымдастықтар арасындағы өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа және бейбітшілікке ықпал етуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі өзін ықпалды діни, саяси және қоғам қайтараткерлерін біріктіретін тиімді дінаралық диалогтың алаңы бола алатындығын көрсетіп келеді. Егер Съезд бастапты кезеңінде дінаралық диалогтың қалыптасуы мен дамуына баса назар аударған болса, қазіргі кезеңі адамзаттың ең өзекті мәселерін шеуге жәрдемдесу үшін діни лидерлердің күш жігерін біріктіру болып табылады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінде: «Рухани көшбасшылар, саяси және қоғамдық қайраткерлер және ізгі ниетті адамдар бейбітшілік үшін жаһандық қозғалыс шеңберінде бірігіп, халықаралық қауіпсіздіктің  жаңа берік жүйесін қалыптастыруға және адамзат алдында тұрған өзекті саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және өзге де сын-қатерлерді тиімді шешуге ықпал ету үшін бірге әрекет етуі тиіс» - деп айтып өтті.  

Сонымен қатар мемлекет басшысының VII Съезінде ұсынылған «Діни лидерлер әділ және қауіпсіз әлем үшін» атты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы» 2023 жылдың 11 қазанда Съезд хатшылығының XXI отырысында қабылданған. Аталмыш құжат өзекті жаһандық проблемаларды шешуге бағытталған діни лидерлердің бастамалары мен күш-жігерін іске асыруға жәрдемдесетін болады.

Аталмыш тұжырымдаманың басты бағыттары келесі мәселелерді шешу болып табылады:

  1. негізгі құндылықтарды ілгерлету;
  2. жаһандық проблемаларды шешу үшін, барлық ізгі ниеттілердің күштерін біріктіру;
  3. бейбітшілік пен келісімді насихаттау;
  4. тарихи және діни мәдени мұралады сақтау.

Әр үш жылда шақырылатын Съезд жұмысы болашақта ашық пікірталас пен сындарлы диалогқа негізделген жалпы демократиялық құндылықтарды сақтау шеңберінде дамып отырмақ. Мысал ретінде әр форумнан соң «Жол картасының» түзілуін жаңа үрдіс ретінде атап өтсе болады. Бұл құжат әрбір Съездің декларацияларын ілгерілету мен іске асырудың басқы  тетігі ретінде қабылданып, рухани басшылардың форумда ұсынған пікірлері мен тезистерін  жүзеге асыруға ықпал етеді.

Ұрпақтар сабақтастығын ілгерлету және Съезд жұмысына жаңа серпін беру мақсатында Жас діни лидерлер форумын өткізу жоспарлануда. Бұл форумға конфессиялардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, преспективалы жас ғалымдар мен саясаткерлерді тарту дінаралық және мәдениетаралық диалогтың маңыздылығын арта түседі.

Сонымен қатар, Съезд Хатшылығының, Хатшылық жұмыс тобының және Съезд жұмыстарың ілгерлету аясында халықаралық серіктестермен және ізгі ниеттілермен, өңірлік аймақтарда Съезд декларациясын мен сын-қатерлерді шешуге бағытталған діни конференциялар мен түрлі іс-шаралар легі өткізіледі.

БАҚ өкілдеріннің жұмысы аталмыш іс-шараларға қосатын үлесі үлкен болып табылады. Іс-ашаралар ашық түрде өткізіліп, қатысушылардың пікірлері мен тұшымды ойларын бұқара халыққа жеткізудің бірден-бір құралы болатыны сөзсіз.

Ізгі ниеттілердің оңтайлы жалғасқан жұмыстарының нәтижелері ретіне - 2019 жылы ақпандағы Қасиетті Тақ пен Әл-Азһар әл-Шариф арасындағы «Бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүрудің пайдасына адами бауырластық туралы» құжатқа қол қоюын, Мекке декларациясының қабылдануы және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өзге дін өкілдері шіркеулерінің ашылуы болып табылады.

Ізгі ниеттілердің ізгі бастамасы өз жемісін береді деген сенімдеміз және жұмыстарының оңтайлы өтуіне тілектеспіз.

М.Құдайберген 

Жинақтық – аналитикалық департаменттің жетекші сарапшысы