Жаңалықтар

Орталық Басқарма Төрағасының Грузияға жұмыс сапары өтті

Бөлісу

2023 жылдың 26-28 маусым аралығында Тбилиси қаласында Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Грузияның Дін істері жөніндегі мемлекеттік агенттігі IGE (АҚШ) және «Жаһандық интеграция институты» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған «Дін және заң үстемдігі» халықаралық конференциясына қатысты.

Конференцияға Қазақстан, АҚШ, ҚХР, Ұлыбритания, Словакия, Чехия, Сингапур, Венгрия және Молдова елдерінің өкілдері қатысты.

Конференция аясында Б.Сәрсенбаев Азиядағы дін мен заңның үстемдігін зерттеу жөніндегі пленарлық сессияда діни саясат және конфессияаралық диалог, Қазақстандағы конфессияаралық диалог, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысы туралы баяндама жасады.

Тбилисиге сапары барысында Басқарма Төрағасы Грузияның саяси және діни қайраткерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Министрлер Кабинетінің ғимаратында Грузия Үкіметі Аппараты жанындағы Дін істері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің төрағасы Заза Вашакмадзе мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекеттік Агенттіктің Басшысы Б.Сәрсенбаевты дін саласындағы мемлекеттік саясатпен, сондай-ақ Грузияның конфессияаралық диалогымен таныстырды.

Өз тарапынан Орталық Басқарма Төрағасы шақырғаны және қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді. Өткен жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің сәтті өтуі туралы, оның қорытындысы бойынша Декларация қабылданғанын хабарлады, сондай-ақ Орталықтың жұмысы туралы мәлімдеді.

Конференция алаңында Б.Сәрсенбаев пен Грузин православие шіркеуінің архиепископы Ефрем арасында кездесу өтті.

Архиепископ өткен жылы Астанада өткен VII Съезді және Сьезд Декларациясын жоғары бағалады. Төраға Архиепископқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, орталықтың жұмысымен таныстырды.

Грузия Парламентінің ғимаратында Б.Сәрсенбаев Грузия парламентінің адам құқықтарын қорғау және азаматтық интеграция комитетінің төрағасы Михаил Сарджвеладземен кездесті.

Кездесу барысында Б. Сәрсенбаев қонақжайлылық үшін алғыс айтып, орталықтың жұмысы туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша орталық Төрағасы қонақтарға VII Съездің кітабы мен он тілдегі Съезд Декларациясын табыс етті.

Халықаралық конференция қорытындысы бойынша Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы (Қазақстан Республикасы), Lyn Community (АҚШ) «Көршіңді сүй» қауымдастығы және IRF (АҚШ) Діни бостандық жөніндегі халықаралық дөңгелек үстел Хатшылығы арасында өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қою салтанатты рәсімі өтті.