Жаңалықтар

Түркияда Орталықтың Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың IRCICA Зерттеу және жариялау бөлімінің басшысы Дженгиз Томармен кездесуі өтті

Бөлісу

25 сәуір күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Булат Сәрсенбаев Түркия Республикасында (Ыстамбул қ.) жұмыс сапары аясында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) Зерттеу және жариялау бөлімінің басшысы Дженгиз Томармен кездесті.

Кездесуде тараптар мәдениетаралық байланысты дамытуға бағытталған ортақ міндеттерді талқылады, сондай-ақ, ұйымдар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Б.Сәрсенбаев Съездің және оның институттарының отырыстарын өткізуге арналған халықаралық алаң болып табылатын Н.Назарбаев Орталығының қызметі және Съезд Хатшылығының XXI мерейтойлық отырысын өткізуге дайындық жұмыстары туралы айтып берді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің өркениетаралық және дінаралық диалогты нығайтудағы ерекше рөлі атап өтілді.

Тараптар 2022 жылы қол қойылған Меморандум шеңберінде конфессияаралық келісім мәселелері бойынша одан әрі мақсаттас жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.