Жаңалықтар

Орталықтың Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Шубхдаршини Трипатхимен кездесті

Бөлісу

Биыл 4 сәуірде Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшісі Шубхдаршини Трипатхи ханыммен конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты - ынтымақтастықты нығайту, конфессияаралық және дінаралық қатынастарды дамытудың маңызды аспектілерін талқылау.

Кездесу барысында тараптар Съезд идеяларын және оның қорытынды құжаты –Декларацияны одан әрі ілгерілету жоспарларын талқылады.

Сонымен қатар, Орталық Басқарма Төрағасы 2023 жылдың қазан айында өтетін Съездің XXI мерейтойлық хатшылығына дайындық барысын баяндады.

Б.Сәрсенбаев Орталық «Сомайя Видьявихар» Институтымен бірлесіп VII Съезд қорытындысы бойынша биыл Мумбай қаласында халықаралық дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Тараптар Бейбітшілік және келісім мұражайымен, сондай-ақ, конфессияаралық және мәдениетаралық диалог саласында ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаласты.