Жаңалықтар

Ыстанбұлда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық пен IRCICA арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Бөлісу

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың IRCICA Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығының бас директоры орынбасары Абубакар Абдуллаһ Сенгормен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев биылғы жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастыру және оған дайындық жөніндегі орталықтың жұмысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, Орталықтың Басқарма Төрағасы IRCICA басшылығына қазақстандық өркениетаралық және мәдениетаралық диалогты ілгерілету бастамасына қолдау білдіргені үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында Н.Назарбаев орталығы мен Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығы – IRCICA арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – мәдениет, өнер саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және ақпараттық қызметті, сондай-ақ өркениетаралық және мәдениетаралық диалогты дамытудағы өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Құжат тараптардың дін саласындағы ақпаратпен, тәжірибемен және жинақталған ғылыми-зерттеу материалдарымен алмасуын, дінтану білімінің сапасын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыруды, имидждік жобаларды іске асыруды, кездесулер, форумдар мен конференцияларды ұйымдастыруды көздейді.

Тараптар осы Меморандумның жасалуы мәдениет, дін мен өркениеттердің халықаралық деңгейде ынтымақтастығын бірлесіп іске асыруға серпін беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, Ыстанбұл қаласына сапары аясында Б.Сәрсенбаев «CNN» телеарнасы Ыстанбұл бюросының Халықаралық тілшісң Джомана Карадшеге Съезд Хатшылығының Басшысы – ҚР Праламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атынан VII Съезге қатысуға шақыру табыс етті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-istanbul/press/news/details/402034?lang=kk