Жаңалықтар

Болат Сәрсенбаев Жапония мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джун Ямадамен кездесті

Бөлісу

Ү.ж. 2 маусымында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Жапония мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі ретінде Съез Хатшылығының XX отырысы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастыру және оған дайындық жөніндегі Орталықтың жұмысы туралы айтып, алдағы іс-шараларға жапон тарапының қатысуының маңыздылығын атап өтіп, дінаралық қатынастарды дамыту жөніндегі Орталықтың бастамаларын жаһандық деңгейде қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«Бүгінгі кездесу екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толу қарсаңында өтіп жатқаны қуантады. 2003 жылы I Съез өткізілгеннен бері Жапония Съездердің жұмысына белсенді қатысып келе жатқанына ерекше назар аударғым келеді. Осы жылдар ішінде дінаралық және мәдениетаралық диалогты дамыту үшін барлық қажетті жағдайлардың жасалғанына қуаныштымын», - деді Б.Сәрсенбаев.

Өз кезегінде Ямада мырза Жапония елшілігі Жапония Қазақстанмен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және әлемде өркениетаралық диалогты ілгерілету мәселелерін қолдауға дайын екенін жеткізді.

         Кездесу соңында тараптар Съез Хатшылығының XX отырысы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық жұмыстары аясында одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге келді.

 

Анықтамалық: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне Жапония тарапынан келесі делегаттар қатысты: «Джинджя Хонче» Синтоистстік храмдар басқармасы директоры Минору Сонода, «Джинджя Хонче» Жапония синтоистік храмдар Ассоциациясының Президенті Цунекие Танака, Синтоистік храмдар қауымдастығы жетекшілерінің кеңесінің төрағасы Куни Куниаки, «ДжинджяХонче» синтоистік храмдар қауымдастығының орындаушы директоры Таненори Тераи, буддистер қоғамының вице-президенті Сока Гаккай, «Soka Gakky International» атқарушы директоры Хироцугу Тэрасаки және басқалар.