Жаңалықтар

Қазақстан Ватиканның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі – Рим папасы

Бөлісу

Ватиканда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Рим папасы Францискпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Апостол сарайындағы папа кітапханасында өткен келіссөздер барысында Понтифик Қазақстан Ватиканның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. 

Рим-Католик шіркеуінің басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстанды" құру және Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алдағы жалпыұлттық референдум өткізу аясындағы саяси және экономикалық реформаларына жоғары баға берді. 

Сондай-ақ тараптар биыл қыркүйекте өтетін Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің күн тәртібін талқылады. 

Понтифик Қазақстанның конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін ризашылықпен атап өтті.

"Рим Папасы Францисктің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі және Съезд жұмысына қатысуы туралы тарихи шешімі ерекше атап өтілді. Министр папаның сапарын тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азиядан келген католиктер тағатсыздана күтетінін хабарлады", – деп жазылған Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

https://inbusiness.kz/kz/last/kazakstan-vatikannyn-ortalyk-aziyadagy-senimdi-seriktesi-rim-papasy