Жаңалықтар

Орталықтың Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен кездесті

Бөлісу

14 сәуірде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттері ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округінің Басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александрмен кездесуі өтті.

Екі жақты кездесу барысында Б. Сәрсенбаев Митрополитті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін ұйымдастыру және оған дайындық жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті. Қазақстан басшылығының қазақстандық форумға қазіргі заманның ең өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогты қамтамасыз ететін, әмбебап жаһандық дінаралық диалог алаңы мәртебесін бекітуге ерекше назар аударатынына тоқталып өтілді.

Тараптар сондай-ақ Патриарх Кириллдің ү.ж. қыркүйекте өтетін VII Съезге қатысу жөніндегі Қазақстанға сапарының бағдарламасын, 2019 жылы Қасиетті Тақ пен Әл-Азхар арасында қол қойылған «Адам бауырластығы және бейбіт өмір сүруі туралы» тарихи құжатқа қосылуын және VII Съез қарсаңында бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Алматы, Орал қалаларындағы діни бірлестіктер Клубы жетекшілерінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің дінаралық диалогтағы рөліне арналған отырыстарын, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын көрсететін православиелік Вознесенский храмына, Михайло-Архангельск Соборына және басқа да киелі орындарға сапарлар ұйымдастыру арқылы өткізу .

Митрополит Александр жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, дінаралық және мәдениетаралық салада іс-шаралар өткізуге қажетті күш-жігер жұмсауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Басқарма Төрағасы Митрополит Александрға Съездің идеялары мен Орталықтың халықаралық деңгейдегі дінаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамаларын қолдағаны үшін алғыс айтты.