Қаз

Жаңалықтар

Софияда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне арналған дөңгелек үстел өтті

Бөлісу

София, 2022 жылғы 13 сәуір - Қазақстан Елшілігінде 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Cұлтан қаласында ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне арналған «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Елшісі Т.Ізбастин көрнекті болгар сарапшылары мен БАҚ өкілдерін этносаралық және конфессияаралық диалог пен келісімнің қазақстандық бірегей үлгісі туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Қатысушылар Қазақстанның ұлтаралық келісім мен діни сенім бостандығын сақтау және нығайту бойынша жүргізіп жатқан саясатын құптап, алдағы VII Съезге табыс тіледі.

Дереккөз: Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің сайты