Жаңалықтар

Ереванда «Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бөлісу

Биылғы жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ереванда ҚР Армениядағы Елшілігі Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлесіп «Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысында Қазақстандық тараптан Қазақстан Митрополиттік округінің шіркеу мен қоғамның қарым-қатынасы жөніндегі бөлімі төрағасының орынбасары, Успен кафедралды соборының ключарийі, протоиерей Д.Байдек, ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының профессоры, С.Сүлейменов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессоры Ю. Шаповал, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазіргі зерттеулер институтының директоры. М. Сыдықназаров, "Ван" армян этномәдени бірлестігінің төрағасы С.Салумян қатысты. Армения тарапынан алғашқы қасиетті Эчмиадзин Сыртқы қатынастар бөлімінің басшысы, архиепископ Н. Оганесян, "Интеграция және даму" ҚБ төрағасы А. Сафарян, "Арминфо" ақпараттық агенттігінің бас директоры Э.Мкртчян, жаһандану және аймақтық ынтымақтастық бойынша армян аналитикалық орталығының жетекшісі С. Григорян, Ереван мемлекеттік университетінің түркология кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Сафарян қатысып,  баяндама жасады.

Іс – шараны аша отырып, ҚР Армениядағы Елшісі Б.Иманбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі негізгі жетістіктері, Президент Қ.К.Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері мен  ҚР халықаралық бастамалары, сондай-ақ конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің табысты қазақстандық моделі туралы айтты.

Өз кезегінде дөңгелек үстелге қатысушыларға, атап айтқанда, Қазақстанның Армениядағы Елшісі Б. Иманбаевқа іс – шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіре отырып, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев өзінің алғы 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне бастамашылық еткен Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстанда және бүкіл әлем бойынша конфессияаралық диалогты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

"Қазақстан рухани дипломатия қағидаттарын жаңғырту мен дамытуға бағыт алып, халықаралық аренада өз ұстанымын нық бекітті. Бүгінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың стратегиялық бағытының арқасында біздің еліміз өңірлік және жаһандық тұрақтылықты нығайтуға, сондай - ақ әлемдегі конфессияаралық және дінаралық диалогты ілгерілетуге елеулі үлес қосуда", - деді Орталықтың Басқарма Төрағасы.

Жалпы, дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары конфессияаралық диалогты халықаралық деңгейде ілгерілетудегі қазақстандық бастамалардың маңыздылығын атап өтті, діндер, мәдениеттер мен өркениеттердің өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады және бейбітшілік пен өзара түсіністік үшін дінаралық келісімді одан әрі ілгерілету қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Іс-шара қонақтары сондай-ақ еліміздің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін көрсететін "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" фотоэкспозициясымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, дөңгелек үстел Қазақстан басшылығының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттарын ілгерілету жөніндегі бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.