Қаз

Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ректоры Е.Әбілмен кездесті

Бөлісу

Биылғы жылдың 12 қарашасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е. Әбілмен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру,  дін саласындағы мемлекеттік саясатты, ақпараттық-талдамалық және оқу-әдістемелік бағытындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру болып табылады.

Кездесу барысында Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық іс-шараларды өткізу жоспарларымен бөлісіп, 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ, ҚР СІМ, ҚР АҚДМ қолдауымен жыл соңына дейін Н.Назарбаев орталығы Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп жүзеге асыратын алдағы халықаралық дөңгелек үстелдер туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Б.Сәрсенбаев Е.Әбілді Н.Назарбаев орталығы Директорлар кеңесінің мүшелігіне сайлануымен құттықтап, бірлескен жұмыста сәттілік тіледі.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ректоры Орталықтың Басқарма Төрағасына алғыс білдіре отырып, конфессияаралық диалогты нығайту жөніндегі мақсаттар мен міндеттерді одан әрі ілгерілетуге дайындығын атап өтті.