Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың Исламабад Халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының Бас директоры Зия уль Хакпен кездесуі өтті

Бөлісу

2021 жылдың 7-ші қазанында, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттері ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Хатшылық мүшесі, Исламабад Халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының Бас директоры Мұхаммед Зия Ул-Хакпен кездесу өткізді.

Тараптар кезекті VII съезге дайындықты, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің XVIII Хатшылығы Жұмыс тобының отырысы барысында 2019 жылдың 17 қыркүйегінде қол қойылған  Институтпен өзара түсіністік бірлескен Меморандумды іске асыру аясында дінаралық және конфессияаралық диалогты дамытуда Орталық пен Исламды зерттеу институты арасындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады. Сондай-ақ, Орталықтың Басқарма Төрағасы Мохамед Зиа уль-Хакка Жұмыс тобы мен Конгресс Хатшылығының отырыстарына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Б.Сәрсенбаевқа жеке кездесуі мен жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіре отырып, Мұхаммед Зия Ул-Хак Н.Назарбаев Орталыңының Басқарма Төрағасын 2021 жылдың 27 желтоқсанында «Пәкістан мен бітімгершілік, ұлттық интеграция, әлеуметтік бірлік пен конфессияаралық келісім» тақырыбында Исламабадта (Пәкістан) өтетін халықаралық конференциясына шақырды.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев Орталығының қолдауымен Мұхаммед Зия Уль-Хак әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.Түймебаевпен және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі Бас директорының орынбасары Қ.Масабаевпен онлайн форматта, сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылым, коммерциализация және интернационалдандыру жөніндегі проректор Г.Мерзадиновамен және Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Д.Қамзабекұлымен жемісті ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірқатар кездесулер өткізді.