Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы «Әртүрлілік байлығынан бейбітшілік жолдауына дейін: әлем діндеріндегі білім мен толеранттылық поэтикасы» атты білім мәдениетін қолдау бойынша ІІ Халықаралық кеңеске қатысты

Бөлісу

Бүгін, биылғы жылдың 10 қыркүйегінде, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев онлайн форматта «Әртүрлілік байлығынан бейбітшілік жолдауына дейін: әлем діндеріндегі білім мен толеранттылық поэтикасы» атты білім мәдениетін қолдау бойынша ІІ Халықаралық кеңес жұмысына қатысты.

Кеңестің мақсаты – әлемдік және дәстүрлі діндердегі білім мен толеранттылық поэтикасын ұғыну, бұл олардың әртүрлілігін адамзаттың мәдени байлығы ретінде түсінуге, олардың ортақ шежіресін және ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі диалог тарихын көруге мүмкіндік береді, сонымен қатар мәдениеттердің жақындасуын ынталандырады.

Халықаралық шараның ашылу салтанатына сондай-ақ ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттердің жақындасу халықаралық орталығының директоры О. Сүлейменов, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры С.Сейдуманов, «Somaiya Vidyavihar» ұйымының президенті, Діни лидерлер кеңесінің мүшесі С.Сомайя (Үндістан, Мумбай), ҚР Мәдениет және спорт министрі, ҚР Сыртқы істер министрінің өкілдері және Ресей мен Қазақстанның ғылыми срапшылары қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев бірегей этникалық және конфессиялық әртүрлілікке ие бола отырып, Қазақстан өзінің бүкіл тарихында ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтап қалғанын, әр түрлі қоғамдастықтардың мүдделерінің тепе-теңдігін сақтағанын атап өтті.

Орталық басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың мәдениет пен өркениеттің рухани жақындасу бастамаларын жүзеге асыруда, сондай -ақ конфессияаралық келісімді дамыту бойынша өзінің соңғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған дәйекті мемлекеттік саясатын жүзеге асырудағы Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаевтың айрықша рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, рухани және діни лидерлер өкілдері арасындағы диалогты ілгерілетудің тиімді алаңы ретінде өзін танытқан бірегей сұхбат алаңы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің үлесіне баса назар аударылды. Осы орайда Б.Сәрсенбаев Н.Назарбаев Орталығының мәдениет, дін мен өркениет арасындағы өзара әрекеттестікте конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытудағ, сондай-ақ Съездің мақсаттары мен міндеттерін халықаралық деңгейде насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті.

«Жаһандық геосаяси шиеленістің, планетаның әртүрлі бөліктеріндегі этникалық және діни негіздегі қақтығыстарға ұлғаюына байланысты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің диалогтық алаңы өзектілігі мен өкілдердің ынтымақтастығы мен бірлігі идеясын жүзеге асыру қажеттілігін арттыруда», - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев жиналғандарды Орталық қызметінің басым бағыттарымен және жоспарланған халықаралық іс –шаралармен, оның ішінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының меңгерушісі М.Әшімбаевтың басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылы 6 қазанда өтетін Съез Хатшылығының кезекті XIX отырысын өткізу жұмыстарымен таныстырды.

Өз сөзін қорытындылай келе, Болат Сәрсенбаев өзекті тақырыптар бойынша конструктивті пікір алмасуды ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді және халықаралық кеңес жұмысы мәдениеттер мен конфессиялар арасындағы диалог тәжірибесін байытады деген сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, кеңес Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық онжылдығы (2013-2022) аясында және ЮНЕСКО-ның білім қоғамдарын құру жөніндегі идеяларын іс жүзінде жүзеге асыру бойынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Алматы қаласында орналасқан ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттердің жақындасу халықаралық орталығы тарапынан ұйымдастырылды.