Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде ескерткішке гүл шоқтарын қойды

Бөлісу

Бүгін, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенспен бірге Нұр-сұлтандағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бұл күні Болат Сәрсенбаев пен Андре Карстенс Қазақстан тарихындағы ең қайғылы беттердің бірін парақтай отырып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

«Біздің ата-бабаларымыз өз батылдығы мен шыдамдылығының арқасында қиын сынақтарды абыроймен өткізіп, ұлтымызды біртұтас ел ретінде біріктірді. Сондықтан, ұлтаралық бірлік пен келісім, Қазақстанның халықаралық беделі - өткен оқиғалардың күйзелістеріне қарсы сенімді кепіл болып табылады», - деді Орталық басшысы.

Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін мемлекеттік деңгейде XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау шаралары қабылданғанын айта кеткен жөн.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен - 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мақсатында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жазықсыз жапа шеккен барлық қазақстандықтарға қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Еске сала кетейік, «Қайғы қабырғасы» монументалды кешенін құру идеясы Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі.