Жаңалықтар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Солтүстік Қазақстан облысының Озерное ауылында болды

Бөлісу

Бүгін, 22 мамыр күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Құдайға - мадақ , адамдарға - бейбітшілік, азап шеккендерге - Аспан Патшалығы, Қазақстан халқына - алғыс, Қазақстанға - гүлдену» деп қазақ, орыс, поляк және неміс тілдерінде сөздер жазылып, айшық (крест) орнатылған Волынь төбешігіне барды.

Болат Сәрсенбаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, біздің ел  әрқашан қонақжай болғанын, солай болып қала беретінін және көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол ескерткіш құрылысының бастамашыларына өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағындағы діни бірлестіктермен ынтымақтастық бағдарламасы аясында, Болат Сәрсенбаев Астанадағы Рим-католиктік Әулие Мария архиепископы Томаш Пэттың шақыруымен СҚО-ның киелі жерлеріне заңды түрде қосылған «Әлем патшайымы» ғибадат орнында орналасқан «Қазақстан жұлдызы» Алтаріне барды.

Айта кетерлік жайт, Алтарь Әлем патшайымының тәжіндегі он екі жұлдыздың бірін бейнелейтін алтын мен титанды қолдану арқылы ерекше техникада жасалған. 2012 жылдың 10 қазанында Алтарьға  XVI Рим Папасы Бенедикт қасиет дарытты.

Дәстүрлі христиандық нақыштарымен қоса, (Иса Мәсіхтің бейнесі және  айшық) қазақстандық ұлттық ою-өрнектер қолданылған.

Алтарьды поляк шебері Мариуш Драпиковский 12 Алтарьлі циклі аясында  жасаған және оның біріншісі Иерусалимдегі Айшық жолында, ал қалғандары бүкіл дүниежүзіндегі католик ғибадатханаларында орнатылған.