Қаз
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

Compliance officer

Орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

Бөлісу

2026 жылғы 30 маусымда «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ-да Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған оқыту семинары өтті.

Іс-шара барысында Орталық қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі өзгерістерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стандарттармен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерімен, мүдделер қақтығысын басқару мәселелерімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамадағы өзгерістермен таныстырылды.

Жаңартылған заңнама талаптарын лауазымдық міндеттерді орындау кезінде қолданудың практикалық мәселелеріне, сондай-ақ адалдық, заңдылық, ашықтық және қызметкерлердің жеке жауапкершілігі қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударылды.

Семинар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін жетілдіруге және Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушіліктің орнықты мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытымен көзделген іс-шараларды іске асыруға бағытталған.