Қаз

Баяндамалары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ БІРІНШІ СЪЕЗІНІҢ ЖАБЫЛУЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Бөлісу

24 қыркүйек 2003 ж.

Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!

Біздің бірлескенфорумымызбен кездесуіміз көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Олар көңілге қонымды әрі жемісті өтті. Біз сіздермен өркениеттер, конфессиялар, елдер және халықтар арасындағы келісімді нығайту мен келіссөз тәжірибесінорнату жолында тағы бір өте маңызды қадам жасадық.

Біздің пікірлесулеріміз бен талқылауларымыздың нәтижесі адамдардың бейбіт және лайықты өмір сүруі үшін, әр түрлі діндер мен ұлттардың болашағы үшін ынтымақтастық идеясынпаш етті.

Әр түрлілік – бұл кемшілік емес, керісінше, Құдайдың баға жетпес сыйлығы, оның арқасында нағыз өзара баю, нағыз даму жүреді. Әр халық қайталанбас, тек өзіне ғана тән дәстүрге, тарихқа, ойлау қабілетіне ие. Әрқайсысы адамзаттың рухани мәдениетіне өзінің ерекше үнін қосады.

Сіздердің назарларыңызды түрлі жалған діни бірлестіктердің санының өсуі мен әсері сияқты тағы бір проблемаға аударғым келеді. Олар әр елде бар және қазіргі замандағықиыншылықтарды негізіненсолар туындатуда.

Олардың көпшілігі қазір сән болып кеткен жасандылықпен сұрқия идеяларды уағыздап, ізгіліктен ада істерді жасауда.Нәтижесінде діни тұрақтылықты, азаматтық қоғамды ғана емес, мемлекетті де бұзуы мүмкін.

Біз бұндай ұйымдарға қарсы тұрып, олардың іс-әрекетіне тыйым салып, азаматтарымызды олардың теріс ықпалынан қорғауымыз керек.

Біздің бәріміз үшін, барлық әлемдік, дәстүрлі - ұлттық діндер үшін ортақ адамгершілік пікірлердің жоғалмайтын өзектілігі барынша айқын бола түседі.

Осы съезде түрлі тілде түрлі дін қайраткерлеріайтқан шындықтарды еске алайық:

–«барлық жалпыадамзаттық өмір жалғыз Құдайға бағынышты» – ислам өкілінің сөзінен;

–«біздің арғы атамыз бір – Авраам»- иудаизмнен;

–«өз жақыныңды өлтіре көрме»- буддист айтқан;

–«бейбітшілік пен келісім өзіңмен және табиғатпен үйлесімділік арқылы»- Дао дінінен;

– «ол өзге дін өкілі болсын немесе тіпті кәсіп болсын – өзгеге көмектес»- православиелік христиандық;

–«әлем – Құдай сыйы, біздің кездесуіміз де – Құдай сыйы» - Ватикан діни қызметкері атап өткен.

Яғни, біз тағы бір рет барлық конфессиялардың сенім, төзімділік, келісім және адамды сүю арқылы бейбітшілікті уағыздайтындығына көз жеткіздік.

Сіздермен біздің осы ортақ пікіріміз – әлемдік дәстүрлі діндер уағыздайтын түрлі халықтар мен өркениеттер келіссөзінде байланыстырушы түйін болғандығын тағы бір растады.

Бізге қазір түрлі дін өкілдерінің ұзақ та тарихы бай өміріндегі жинақталған жасампаз тәжірибелерін пайдалану барынша маңызды.

Біздің барлығымыздың Құдайға барар жолымыз – бір. Түрлі діндер арасында барынша белсенді келіссөздер жүргізудің уақыты келді.

Біз беделді рухани лидерлер мен қарапайым діндарлардың біріккен жігерін танытатынтұрақты халықаралық конфессияаралық ұйым қажеттігін сезінеміз.

Осы қызметті әлемдік және дәстүрлі – ұлттық діндер форумы атқара алады деп сенемін.

Дін ХХІ ғасырда уағыздау мен дамудың көзі бола ала ма?

Осы екі күн ішіндегі біздің бірлескен жұмысымыз көзі бола алатындығын көрсетті деп ойлаймын.

Біз қарапайым әрі шынайы бір шындықты түсінуіміз керек – біздің барлығымыз қазіргі заманда өзара тәуелдіміз. Және осы өзара тәуелділік кез келген толқу пен өзгеріске барынша нәзік және сергек тетік болып табылады.

Біздің жалпы үйіміз – біздің ел ғана емес, біздің барлық Жер шарымыз екені маңызды.

Және біздер балаларымыздың, немерелеріміз бен шөберелеріміздіңтыныштықта, сау ортада, өзге халықтармен, конфессиялармен келісімде өмір сүруін, соғыс пен жоқшылықты көрмегенін қалаймыз.

Біздің іс-әрекетіміз, біздің құлшылық етулеріміз және жан ашу сезімдеріміз Жер шарының ыстық нүктелеріндегі, түрлі наразылық аймақтарындағы миллиондаған адамдардың қасіреттері тоқтайтын ашық уақытқа жақындауымызға көмектеседі деп сенемін.

Біздің барлығымыз үшін Таяу Шығыста көптен күткен бейбіт өмір келетін, Балкандағы, Оңтүстік Азиядағы кейбір өңірлерде, Африка континентінде және өзге жерлерде шиеленістер тараған күн бақыт пен игілік күні болады деп үміттенемін.

Өз сөзімді аяқтай келе, біздің құрметті қонақтарымыз – делегация басшылары мен өкілдеріне олардың осы жұмысқа белсене араласқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

Осы күндері біздің атымызға көптеген хат, жеделхаттар, электрондық пошта арқылы хабарламалар әлемнің түкпір-түкпірінен келді.

Осыған байланысты осы Форум идеясын және діндер арасында келіссөздер қажеттігін құптаған мемлекет басшыларына, саяси және қоғамдық қызметкерлерге, түрлі елдердің қарапайым адамдары мен қазақстандықтарға ерекше алғысымды білдіремін.

Маған сезілгендей Төзімділік, Шындық, Әділдік және Махаббат сияқты мәңгі шындықтар жолын ұстаушы біздерді растайтын формуланы жасадық деп ойлаймын.

Бұл біз қабылдаған Декларацияда көрініс тапты.

Біздер дін атын жамылған,дінді шынайы түсінумен ешбір ортақтығы жоқ экстремизм, сепаратизм, терроризм және зомбылықтың өзге түрлері адамзат үшін қауіп болып табылады деген ортақ пікірге келдік.

Біздер дінаралық келіссөз қоғамдық дамудың және барлық халықтардың игілігін арттыруда маңызды тәсілдердің біреуі болып табылатындығын таныдық.

Біздер адамзат бейбітшілігі мен алға дамуын, қоғамда тұрақтылықты келешектегі үйлесімді әлем негізі ретінде қамтамасыз ету ісінде барлық күшімізді жұмылдыруға дайын екендігімізді көрсете білдік.

Мен келесі Съезді дайындауға бізге көрсетілген сенім үшін осы форумға қатысушылардың барлығына алғысымды айтамын.

Бұл өздігінен Бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын құру тетігі ретінде тұрақты дінаралық келіссөз идеясы іске асып келе жатқандығын көрсетеді.

Өз елдеріңізге жеткеннен кейін Астанадағы кездесуді ұмытпайды, хабарласуды, пікір алысуды және бейбітшілік пен келісімді дамыту, шиеленістер мен қақтығыстарды шешу бойынша күнделікті жұмысты жалғастырады деп сенгім келеді. 

Егер біз өз қауым мүшелерімізге, біздің елдеріміздің азаматтарына осы жердегі әңгіме мәні мен негізін жеткізе білсек, осымен бейбітшілік пен келісім ісіне үлкен үлес қосамыз.

Біздің Съезді бірге қабылдаған Декларация сөздерімен аяқтаған дұрыс деп ойлаймын: біздің ісімізге Алла жар болсын, Жер шарының барлық халқына әділдік, бейбіт өмір және гүлденіп даму сый болсын.

Сіздер мен сіздердің елдеріңізге құт дарысын. Сіздерден қатер мен қайғы айналып өтсін. Сіздердің күндеріңіз адамдар игілігі, бейбітшілік және тұрақтылық туралы тілекке толы болсын!

Барлықтарыңызға ақ жол!

Келесі кездескенше!