Қаз

Директорлар кеңесі

Сәрсенбаев Болат Серғазыұлы

Директорлар Кеңесінің мүшеcі

1957 жылы 17 шілдеде Алматы қаласында туған.

Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, заң факультетін бітірген. «Халықаралық құқық» курсы бойынша Лондон университетінің тыңдаушысы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәреже иегері. Тарих ғылымдарының кандидаты.

Тамыз-қазан 1978 ж. – 3-ші балалар темір жол ауруханасының ағылшын тілі мұғалімі.

1978-1980 жж. – армиясындағы қызметі.

1980-1985 жж. – Алма-Аты қ. қалалық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасындағы қызметі.

1985-1986 жж. – Қазақстан коммунистік партиясы Кеңес аудандық комитетінің нұсқаушысы.

1986-1989 жж. – Қазақстан ЛКЖО Алма-Аты облыстық комитетінің хатшысы.

1989-1990 жж. – Қазақстан коммунистік партиясы Алма-Аты облыстық комитетінің нұсқаушысы.

1990-1991 жж. – ҚазКСР Жоғары кеңесінің аға кеңесшісі.

1991-1992 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бас заң кеңесшісі.

1992-1993 жж. – Алма-Аты қ. Мәскеу аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.

1994-1995 жж. – «Даңқ» корпорациясының вице-президенті.

1995-1997 жж. – Қазақстандағы «McKenna&Co International» британдық заң фирмасы өкілдігінің басшысы.

1997-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі халықаралық заң департаменті директорының орынбасары.

2003-2005 жж. – Гонконг және Макао қалаларында (ҚХР) Қазақстан Республикасы Бас консулдығының Бас консулы.

2005-2007 жж. – Грек Республикасында Қазақстан Республикасы Дипломатиялық миссиясының уақытша расталған өкілі.

2007-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2008-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы.

2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы, Палестина мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы.

2014-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2015-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы.

2017 ж. – Қазақстан Республикасының Азия және Тынық мұхит аймағында технологиялық трансфер орталығының ресми өкілі (АТТТО, Азия және Тынық мұхит аймағы үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық мекемесі).

2019-2020 жж. – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2020-2021 жж. – «Kazakh Invest» ҰК Басқарма Төрағасының кеңесшісі.

2021 жылғы 18 ақпаннан Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» ордені, бірінші дәрежелі Тәуелсіздік ордені («Wisam al-Istiqial», Иордания), «Ерен еңбегі үшін алтын медаль» орденімен (Палестина) марапатталған.