Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Садықовпен кездесті

Бөлісу

Конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша ынтымақтастықты талқылау мақсатында биылғы жылдың 15 қарашасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Садықовпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы баяндай келе, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық іс-шараларды өткізу жоспарларымен бөлісті. Оның ішінде, Елші 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық барысымен танысты.

Б.Сәрсенбаевқа жеке кездесу үшін ризашылығын білдіре отырып, Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Б.Садықов конфессияаралық даму мәселелері бойынша бірлескен жобаларды қолдауға және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың дінаралық келісімді сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілетуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу соңында Н.Назарбаев орталығы Басқармасының Төрағасы Елші Б.Садықовты ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін өткізілетін алдағы халықаралық дөңгелек үстелдерге қатысуға шақырды.