Жаңалықтар

Н. Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректорымен кездесуі өтті

Бөлісу

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтің университет ректоры Ерлан Сыдықовпен кездесуі өтті.

Кездесу аясында Болат Сәрсенбаев республикалық және халықаралық деңгейдегі Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің шегінде белгіленген негізгі тұжырымдамаларын насихаттау маңыздылығы, мәдениеттер мен өркениеттердің рухани бірлігі бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын жылжытудағы Н. Назарбаев орталығының басты мақсаттары және міндеттерімен бөлісті.

«Қазіргі таңда Н. Назарбаев орталығымен Қазақстанның және шетелдік мемлекеттердің ғылыми-сарапшылық қоғамдастығы, діни көшбасшылары, саяси қайраткерлерімен серіктестікті дамыту, беделді халықаралық институттар мен ұйымдар, жастар бірлестіктерінің басшыларымен дін саласында қарым-қатынас, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты нығайтуға бағытталған ортақ жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кешендік жұмыс күшейтілуде.

Сонымен қатар, Орталықпен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында халықаралық іс-шаралар өткізілуде, олардың арасында әлемдік және дәстүрлі діндерге арналған тақырыптық халықаралық конференциялар, фотокөрмелер.

Ағымдағы жылы ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігі жетекшілігімен XIX Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының отырысына, сонымен бірге, 2022 жылы Елбасы Н. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қатысуымен VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне белсенді дайындық жүргізілуде», - деді Болат Сәрсенбаев.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық беделін, оның әлемнің жетекші зерттеу университеттерінің жаһандық қауымдастығына мақсатты ықпалдастығын ескере, сонымен қатар, ортақ жұмыс аясын және жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру басымдылықтарын назарға алу.

Тараптар дінаралық диалогты дамыту және алдағы әрекеттестік туралы, сонымен бірге, диалогтық платформалар мен дискуссиялық алаңдар ашу бағытында, діни көшбасшылар, белгілі мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар, Н. Назарбаев орталығы өкілдерінің қатысуымен сарапшылық кездесулер мен лекциялар ұйымдастыру, Орталық базасында дінтану мамандығы бойынша білім алып жатқан университет студенттерінің тәжірибелерден өтуі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ волонтерларының Орталық іс-шараларына қатысуы, баспа басылымдары мен аналитикалық материалдарды даярлау, ортақ қызығушылық танытатын салаларда алдыңғы қатарлы тәжірибелер және білімдермен бөлісу бағытында сәйкес серіктестік меморандумдарына қол қою бойынша келісімге келді.