Жаңалықтар

Н. Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрімен кездесті

Бөлісу

Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинмен кездесті.

Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев Н. Назарбаев орталығының мақсаттары және міндеттерімен, басты қызмет бағыттарымен таныстырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық іс-шаралар жоспарларымен, ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігі жетекшілігімен 2021 жылы XIX Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының отырысына дайындық жұмыстарымен бөлісті.

Талқылаудың басты мәселелеріне 2022 жылы Елбасы Н. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың қатысуымен VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу, сонымен қатар, Н. Назарбаев орталығымен ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету болды.

Өз кезегінде, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин алдағы іс-шараларды жоспарлау аясында қолдау білдіріп, серіктестікке дайындығымен бөлісті.