Қаз

Жаңалықтар

«Әлемнің түрлі мәдениеттеріндегі әйел бейнесі» көрмесінің ашылуы өтті

Бөлісу

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында «Әлемнің түрлі мәдениеттеріндегі әйел бейнесі» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Дүниежүзілік әйелдер күні – көктем мерекесінде әлемнің нәзік жандарының саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктері ерекшеленеді.

Әйелдер сұлулығын барлық кезеңдер мен ұлттар суретшілері өздерінің суреттерінде бағалап, мадақтағандықтар, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту Н. Назарбаев орталығының Бейбітшілік және келісім мұражайының бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласы белгілі суретшілерінің көркемөнер жауһарлары жиналды.

Көрме қонақтары үшін Қазақстан суретшілер одағы мүшелерінің әлемнің түрлі мәдениеттеріндегі әйелдерге арналған сурет репродукцияларымен танысу мүмкіндігі ұсынылды. Туындыларда әртүрлі мемлекеттер мен жастағы, дәуір мен таптардың, сонымен бірге, түрлі әлеуметтік және отбасылық жағдайдағы шынайы және ойдан шығарылған әйелдер бейнеленген.

Көрме экспозициясы келесі қазақстандық суретшілер туындыларынан тұрады:  Өмірәлі Исмаилов, Бахытжан Арипов, Тілеужан Батанов, Дария Қалимова-Қастеева, Қуандық Баймұханов, Әсем Абдуллаева, Гүлдана Жұрқабаева, Динара Нүгер, Аманжол Мусалимов, Асылмардан Қадырбаев, Қайрат Жәйірбекұлы, Оңалбек Аиин, Ақтоты Смағұлова, Дүйсен Сыдығалиев, Сейсенхан Маханбетов, Мәжіт Байтенов, Руслан Жүнісов, Еркінбек Есимов, Әділғали Баяндин, Бақытбек Мұхаметжан, Ерлан Назаркүл, Аманат Назаркүл, Бақытнұр Бүрдесбеков, Марат Түксаитов, Ренат Елубаев, Исмаил Ачилов, Гүлмарал Тәттібаева.

«Әлемнің түрлі мәдениеттеріндегі әйел бейнесі» көрмесі 2021 жылдың 31 наурызына дейін созылады.