Жаңалықтар

Болат Сәрсенбаев «Ресей — ислам әлемі: KazanSummit 2022» ХІІІ-ші Халықаралық экономикалық саммитіне қатысты

Бөлісу

Ү.ж. 19-21 мамырда Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Еділ бұлғариясының Исламды қабылдауының 1100 жылдығына арналған «Ресей - ислам әлемі: «KazanSummit 2022» XIII-ші Халықаралық экономикалық саммитіне қатысты.

Сапар барысында Басқарма Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл ретінде Татарстан мұсылмандары діни басқармасының орталықтандырылған діни ұйымының Төрағасы, мүфти Камиль Хазрат Самигуллинмен, Казань және Татарстан Митрополиті Кириллмен бірқатар кездесулер өткізіп, онда ол Орталықтың VII Съезді ұйымдастыру және дайындау жөніндегі жұмысы туралы хабардар етіп, елдеріміздің арасындағы конфессияаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Б. Сәрсенбаев «алдағы VII Съезд Қазақстанның әлемге мемлекет пен қоғам арасындағы толеранттылық, ашықтық, өзара құрмет және сенім идеяларына бейілділігін көрсететін жылдың басты халықаралық іс - шараларының бірі болады» - деп атап өтті.

Басқарма Төрағасы Съезді Саммит аясында халықаралық аренада одан әрі ілгерілету мақсатында "Болгар ислам академиясы" жоғары білім беру ұйымы ректорының м.а. А. Тимерхановпен дінаралық диалогты дамыту саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың көріністерін талқылады. Тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға шешім қабылдап, бірлескен жобаларды одан әрі іске асыруға жан-жақты дайындықтарын білдірді.

Сондай-ақ, Казань қаласына сапары аясында Б.Сәрсенбаев Татарстан мұсылмандары шоғырланатын орталыққа айналып, 10 мыңға дейін діндар адамды қабылдауы тиіс Еділ Болгариясының исламды қабылдануының 1100 жылдығына арналған Соборлық мешіт құрылысының ескерткіш тасын орнату рәсіміне қатысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасы «Татарстан» ГТРК жетекші телеарнасына сұхбат берді, онда ол Н. Назарбаев орталығының қызметі және жаһандық деңгейдегі Съездің маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Жалпы алғанда, шетелдік әріптестер алдағы VII Съездің өзектілігін және оның бітімгершілік, қатар өмір сүру, теңдік және толеранттылық қағидаттарын ілгерілетудегі рөлін жоғары атап өтті.