Қаз

Жаңалықтар

Болат Сәрсенбаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары өтті

Бөлісу

.

19-20 сәуірде конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Сапар барысында Басқарма Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл ретінде облыстың дін істері басқармасының басшылығымен кездесу өткізіп, VII Съезді ұйымдастыру және дайындау жөніндегі орталықтың жұмысы туралы хабардар етті және оның дінаралық және конфессияаралық диалогтың жаһандық процесіне қосқан үлесін атап өтті.

Өңірдегі діни нысандарды аралау кезінде Б. Сәрсенбаев ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Б. Абуовпен және Шымкент Епархиясы Қызылорда қаласы Құдай Қазан Құдай Ана иконосы храмынығ приходы» настоятелі В. Ивашининмен кездесті.

Болат Сәрсенбаев алдағы VII Съезде еліміз әлемге мемлекет пен қоғам арасындағы толеранттылық, ашықтық, өзара құрмет және сенім идеяларын көрсететін жылдың басты халықаралық іс-шараларының бірі болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, сапар аясында Орталықтың Басқарма Төрағасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде болып, тарих факультетінің студенттеріне дәріс оқыды. Өңірдегі ең ірі ЖОО ректоры Б.Кәрімовамен кездесу барысында орталық пен университет арасындағы өзара ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Б.Сәрсенбаев өскелең ұрпақ арасында ғылым мен сапалы білім арқылы қалыптасатын толеранттылыққа тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Қорқыт Ата атындағы университеттің оқытушылары Орталықтың Дінтануды зерттеу департаментінің қызметкерлері Р.Камарова мен Д. Жакияновтың Қызылорда облысында жүргізіп жатқан әлеуметтік зерттеулері аясында респондент ретінде сұхбат берген болатын.