Жаңалықтар

Н. Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Орталық ұжымын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен құттықтады

Бөлісу

Бүгін, биылғы жылдың 15 желтоқсанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында Орталықтың Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев ұжымды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Орталық қызметінің тиімділігін арттыруға қосқан үлесі үшін ұжымға алғыс білдіре отырып, Н. Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне қатысушылардың бастамасымен құрылған біздің Орталық Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың еңбегін терең танудың белгісі ретінде және Съездің негізгі постулаттарын ілгерілету ісінде жетекші орын алады. Осы маңызды күні конфессияаралық және дінаралық диалог саласындағы стратегиялық мақсаттарды іске асырудағы ортақ еңбек үшін ұжымға алғыс білдіргім келеді», - деді.

Сонымен қатар, мерейтойлық датаға орай Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы бұйрығымен бірқатар қызметкерлерге салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етілді.

Іс-шара соңында Н. Назарбаев орталығының ұжымы жалпы суретке түсті.