Қаз

Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Кувейт Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Бөлісу

2021 жылдың 24 қыркүйек күні Қазақстан Республикасындағы Кувейт Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарек Абдулла әл-Фараджмен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың кездесуі өтті.

Кездесу барысында Конфессияаралық және өркениетаралық диалог бағытындағы мәселелер талқыланып, пікір алмасты.

Орталықтың Басқарма Төрағасы ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық іс-шараларды өткізу жоспарларымен бөлісті. Содай-ақ, Елші мырза биылғы жылдың 5-6 қазанында Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ХІХ хатшылығына ауқымды дайындық барысымен танысты.

Елші Тарек Абдулла әл-Фараж Б.Сәрсенбаевқа осындай кездесу мүмкіндігі үшін ризашылық білдіре отырып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы, сондай-ақ әлемде конфессияаралық келісімді сақтаудағы рөлін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында мәдениет пен дін саласындағы белсенді өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.