Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Нұр-Сұлтандағы Успен соборының дін қызметкерімен кездесті

Бөлісу

Бүгін, ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Нұр-Сұлтан қаласындағы Успен соборының діни қызметкері, протоиерей Дмитрий Байдекпен жұмыс кездесуі өтті.

Қонақпен сұхбат барысында Болат Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің XIX Хатшылығының және оның Жұмыс тобының отырыстарына дайындық жұмыстары туралы хабардар етті.

Бұдан бөлек, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл Б.Сәрсенбаев алдағы Съез Хатшылығының XIX отырысына қатысуы үшін Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиялық округінің басшысы, Астаналық мен Қазақстандық митрополит Александрге арналған ресми шақыруды табыстау үшін Дмитрий Байдекке үстіміздегі жылдың 5-6 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін іс-шараға арнайы шақыртуды тапсырды.

 «Сізді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIXотырысының қатысушылары мен құрметті қонақтары ретінде көруге үміттенемін, бұл отырыс жұмысына баға жетпес үлес қосады және оның мазмұнын айтарлықтай байытары сөзсіз», - деді Б. Сәрсенбаев.

Өз кезегінде, Нұр -Сұлтандағы Успен кафедралды соборының діни қызметкері Дмитрий Байдек шақырту хат үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың көпұлтты елде бейбіт қатар өмір сүруді қамтамасыз етудегі және бейбітшілік орнату үшін маңызды шешімдер табуға бағытталған көпжақты әрекетті күшейтуге қосқан ерекше үлестерін атап өтті.

Кездесу соңында Н.Назарбаев орталығының Басшысы сонымен қатар Орыс православие шіркеуінің өкілдерін Съез Хатшылығы XIX отырысы қарсаңында және оның қорытындысы бойынша, ҚР Сыртқы істер министрлігімен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен шетелдегі 13 дипломатиялық өкілдіктердің базасында бірлескен жұмыс шеңберінде ұйымдастырылатын дөңгелек үстелдер сериясына қатысуға шақырды.