Қаз

Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Бөлісу

Биылғы жылдың 6 қыркүйегінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдулазиз әл-Даудпен екіжақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында дінаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы талқыланды.

Болат Сәрсенбаев Абдулазиз әл-Дауд мырзаны Н.Назарбаев орталығы қызметінің басым бағыттарымен, мақсат-міндеттерімен таныстырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық іс-шараларды өткізу жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, 2021 жылдың 6 қазанында Нұр-сұлтан қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы-Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаевтың басшылығымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының алдағы XIX отырысына ауқымды дайындық барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, Орталық басшысы Съез Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында Орталық ҚР СІМ және ҚР АҚДМ қолдауымен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктер базасында Съезді жаһандық деңгейде дамытуға бағытталған бірқатар дөңгелек үстелдер өткізетінін атап өтті.

Атап айтқанда, Болат Сәрсенбаев Абдулазиз әл-Дауд мырзаны осы жылдың 20 қыркүйегінде Эр-Риядта өтетін дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырды.

Сауд Арабиясының елшісі орталықтың іс-шараларына, атап айтқанда халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысуға қызығушылық таныта отырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын ілгерілету мәселелері бойынша ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.