Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаев қазіргі заманғы терроризм, агрессия, исламофобия сын-қатерлеріне арналған Халықаралық онлайн конференцияға қатысты

Бөлісу

Биылғы жылдың 10 қарашасында Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаев Кавказ мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен терроризм, агрессия, исламофобияның заманауи сын-қатерлеріне арналған Халықаралық онлайн конференцияға қатысты. Конференцияға ИЫҰ Бас хатшысы Юсиф аль-Осеймин, Кавказ мұсылмандар басқармасының төрағасы Шейх-уль-Ислам Аллахшукюр Пашазаде, Иран Ислам Республикасының мәдени және исламдық байланыстар ұйымының төрағасы - Абузар Ибрагим Торкаман, Халықаралық Ислам Ғұламалары Одағының Бас хатшысы - Али Мухиддин әл-Карадаги, Ауғанстан Ислам Республикасының қажылық, басшылық және садақа министрі - Мохаммад Касем Халими, Сенегал Республикасы Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі - Шейх Мохаммад Мансур Ниасс, Пәкістан Ислам Республикасы Мұсылман институтының директоры - Сахибзада Сұлтан Ахмад Али, сонымен қатар басқа да Ресейдің, Орталық Азияның, Еуропаның, Африканың беделді саяси және қоғам қайраткерлері қатысты.