Қаз

Жаңалықтар

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы және «Хабар» агенттігі» АҚ ресми серіктес болды

Поделиться

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен «Хабар» агенттігі» АҚ арасында келісімге қол қойылды, онда конфессияаралық, этносаралық бейбітшілік пен келісімнің бірегей қазақстандық моделін ілгерілетуге, рухани мықты және адамгершілік жағынан сау қазақстандық қоғамды құруға бағытталған ақпарат алмасу және іс-шараларды ақпараттық қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты. Осылайша, «Хабар» агенттігі ақпараттық ынтымақтастық саласындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының ресми серіктесі болды.

«Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин мен Орталықтың Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаевтың айтуынша, өзара ынтымақтастық қазіргі ақпараттық өркениет пен өркениетаралық және дінаралық диалогты  ілгерілетуге, сондай-ақ еліміздің лайықты брендінің - төзімділік пен келісімнің танымалдылығын арттыруға бағытталған.