Жаңалықтар

Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлін Н.Назарбаев орталығының алаңында талқылайды

Бөлісу

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қарсаңында 2022 жылғы 18 мамырда «PeaceTalks» дискуссиялық алаңында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» атты тақырыбында халықаралық онлайн-конференциясы өткізілуі жоспарлануда.

Конференцияның жұмысына Қазақстан мемлекеттік органдары мен діни бірлестіктерінің өкілдері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының мүшелері, алдыңғы қатарлы шетелдік сарапшылар, сондай-ақ              Әл-Азхардың Исламдық зерттеулер академиясы, Дінаралық диалог бойынша Папа Кеңесінің ислам мәселелері жөніндегі бюросы, Ислам тарихы, мәдениеті мен өнерін зерттеу орталығы (IRCICA) және т.б. ұйымдарының беделді спикерлері қатысады.

Іс-шарада әлемде ұзақ мерзімді тұрақтылық пен келісімге қол жеткізудегі әлемдік қауымдастықтың күш-жігеріне жәрдемдесу, дінаралық диалогты нығайтуға діни көшбасшыларды белсенді тарту, сондай-ақ ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейдегі тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Өткізілу күні мен уақыты: 18 мамыр 2022 ж., 15:00-16:30 сағ.

Конференция форматы: ZOOM алаңында онлайн.