Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Дубайдағы EXPO-2020 халықаралық алаңында бірқатар кездесулер өткізді

Бөлісу

Биылғы жылдың 23 желтоқсанында Дубайдағы EXPO-2020 халықаралық алаңында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев EXPO-2020 Қазақстан павильонының басшысы Қырғызхан Рахымжанмен, Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулы Жұмабек Рауанмен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі - дінаралық форумын таныстырып, оның халықаралық аренада бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтті, сондай-ақ Н.Назарбаев орталығының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытудағы негізгі бағыттары туралы айтты.

«Қазіргі заманда әлемдегі жалпы мойындалған және өкілетті диалог платформасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің миссиясы айтарлықтай артып келеді. Діни лидерлердің, әлемдік деңгейдегі ықпалды саясаткерлердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуы Съез шешімдерін іске асыруға және дінаралық диалог пен келісім идеяларын ілгерілетуге қарқын береді. Осыған байланысты Съездің негізгі мақсаттары мен міндеттерін халықаралық деңгейде географиялық кеңейту және ілгерілету маңызды», - деп атап өтті Орталықтың Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар, Болат Сәрсенбаев ақсақалдар кеңесінің өкілі Омар Обейдпен кездесу өткізді. Әңгіме барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне дайындық жұмыстары, діни қайраткерлердің пандемия сабақтарын қайта қарастыруға қосқан үлесінің маңыздылығы, оның әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық салдары туралы айтылды.

Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевқа жаһандық дінаралық диалогты дамыту мен нығайтуда алғыс білдіре отырып, Сұлтан Фейсал әл – Румейти Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, толеранттылық қағидаттарын дамытудағы еңбегіне, қазақстандық мәдениеттің ажырамас бөлігіне және Қазақстанның әлем елдерімен өзара қарым-қатынасын дамытудағы маңызды векторға айналған барлық азаматтардың діни көзқарастарына өзара құрмет көрсету жөніндегі көреген саясатына назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша Дубайдағы EXPO-2020 қазақстандық павильоны базасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі идеясының тұсаукесері туралы келісімге қол жеткізілді. Ол биылғы жылдың наурыз айына жоспарланып отыр. 

Дубайда биылғы жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызына дейін «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құру» тақырыбына арналған Expo-2020 бүкіләлемдік көрмесі өтіп жатқанын атап өткен жөн. Expo-2020 көрмесінде «тұрақтылық», «ұтқырлық» және «мүмкіндіктер» тақырыптық кластерлері бойынша 192 қатысушы ел ұсынылған. Қазақстан павильоны «мүмкіндіктер» кластерінде орналасқан, ол әлемге елдің сан қырын көрсетіп, қазіргі заманғы цифрлық шешімдермен үйлесімде Шығыс дәстүрлерінің синтезін көрсетеді.