Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Үндістанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бөлісу

2021 жылдың 14 желтоқсанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Шубхдаршини Трипатхи ханыммен кездесті.

Кездесу барысында Н.Назарбаев орталығының Басқарма төрағасы әуе апатынан қаза тапқан генерал Бипин Раваттың өліміне байланысты Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшісіне көңіл айтты. Ол Үндістанның Қорғаныс министрлігінің ең жоғары дәрежелі әскери қызметкері, Үндістанның бірнеше миллионыншы Армиясының Бас қолбасшысы болды.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан-Үндістан қарым-қатынасын одан әрі нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын танымал етуге, сондай-ақ мәдениеттер, діндер мен өркениеттер арасындағы өзара диалогты дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру туралы пікір алмасты.

Өз кезегінде, Шубхдаршини Трипатхи ханым кездесу мүмкіндігі үшін Болат Сәрсенбаевқа алғысын білдірді. Сондай-ақ үнді тарапының мәдени-гуманитарлық бағытындағы орталықпен ынтымақтастығын дамытуға, бейбітшілік пен конфессияаралық келісім үшін ортақ рухани және адами құндылықтарды ілгерілетуге дайын екенін жеткізді.