Қаз

Жаңалықтар

Н.Назарбаев орталығы Иордания Хашимит Корольдігімен халықаралық серіктестікті дамытуда

Бөлісу

Биылғы жылдың 24 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығындағы Амманға жұмыс сапары аясында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев «Aal al-Bayt» Ислам ойы корольдік институты директорының бірінші орынбасары Набил Әл-Сахебпен, Иордания Хашимит Корольдігінің Саяси және парламенттік істер министрі Муса Хабес әл-Маайта, ханзада Хасан Ибн Талал, Корольдік дінаралық зерттеулер институтының директоры Рине Хаттар және Иорданияның Бас мүфтиі Абдулкарим әл-Хасаунамен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев пен Иордания Королі II Абдалла арасындағы қалыптасқан жылы қарым-қатынастардың арқасында бүгінде Қазақстан-Иордания қарым-қатынастары жоғары деңгейге көтерілгендігін атап өтті.

«1993 жылдың ақпанында дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері екіжақты қарым-қатынастар серпінді дамуымен және көп қырлы сипатымен ерекшеленіп, Корольдікті еліміздің Таяу Шығыс аймағындағы ең жақын және сенімді одақтастарымен бір қатарға қойды. Екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейі сауда-экономикалық, мәдени және конфессияаралық салаларда оң нәтиже беретін үздіксіз байланыстар мен саяси өзара сенімнің тереңдетуінен көрінеді», - деді Б.Сәрсенбаев.

Сонымен қатар, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл Б.Сәрсенбаев берік құқықтық негіз қаланған Король II Абдалланың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуын атап өтті, бұл Қазақстан-Иордания қарым-қатынастарының бүгінге дейін оң бағытта жоғары серпінмен дамуын айқындап берді, сондай-ақ ол кісінің 2017 жылғы Қазақстанға ресми сапарында, басты оқиға ретінде алғашқы «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» ұсынылғандығын мәлімдеді.

Өңірлік және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі ұдайы күш-жігері үшін шынайы алғысын білдірген Б.Сәрсенбаев ханзада Хасан ибн Талалды қатысушы ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне шақырды, өз кезегінде ханзада көрсеткен құрметіне ризашылығын білдіре отырып, шақыруды қабыл алып, өркениеттер диалогын нығайтуға көмектесуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, Б.Сәрсенбаев «Aal al-Bayt» Ислам ойы корольдік институтының бас директоры Минвар әл-Михайдқа, Корольдік дінаралық зерттеулер институтының директоры Рина Хаттарға және Иорданияның бас мүфтиі Әбдулкәрім әл-Хасаунге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съезд Хатшылығының Басшысы М. Әшімбаев атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің жұмысына ресми шақыруларды табыс етті.

Сондай-ақ Б.Сәрсенбаев сұхбаттасушыларды Съездің негізгі басымдықтары, 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне дайындық жоспарлары туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған халықаралық шаралар туралы айтып берді.

Өз кезегінде иорданиялық тарап өкілдері диалог алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында тәжірибе алмасудың маңыздылығын айқындайтын халықаралық аренадағы дінаралық қатынастардың өсіп келе жатқан рөлін жоғары бағалады, сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілетудегі үлесі, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жаһандық конфессияаралық келісімді нығайтудағы дәйекті саясатын атап өтті.

Иорданияға жұмыс сапары аясында Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өткен фотокөрменің ашылуына қатысты, сондай-ақ дінаралық диалогты ілгерілетуге арналған Корольдік дінаралық зерттеулер институты дөңгелек үстелінің жұмысына қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз тарапынан қазақстандық платформа – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бірегейлігін, сондай-ақ Н.Назарбаев Орталығының бірлескен халықаралық күш-жігерді біріктірудегі және оның әлемдегі толеранттылық, келісім, дінаралық келісім мен тұрақтылық идеяларын ілгерілетудегі елеулі үлесін атап өтті.

Екіжақты әріптестікті нығайта отырып, Н.Назарбаев орталығы мен Корольдік дінаралық зерттеулер институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында

тараптардың бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты дамытуы, екі ұйым зерттеушілері, ғалымдары мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын кеңейтуі, аналитикалық материалдармен және басылымдармен алмасуы, тақырыптық семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзара қызығушылық тудыратын басқа да іс-шаралар өткізуі қарастырылған.