Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Канаданың иммиграция және мультимәдениеттілік экс-Министрі Тони Рупрехтпен кездесті

Бөлісу

Биылғы жылдың 2 қыркүйегінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Канаданың бұрынғы иммиграция және мультимәдениеттілік Министрі Тони Рупрехтпен кездесу өткізді.

Кездесу канадалық саясаткердің бастамасымен Қазақстандағы конфессияаралық және өркениетаралық диалог, діни толеранттылық және бостандық саласында пікір алмасу мақсатында өткізілді.

Дінаралық келісімді дамыту саласындағы тәжірибемен бөлісу мүмкіндігіне шынайы ризашылық білдіре отырып, Орталықтың Басқарма Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларын іске асырудағы орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстанның халықаралық аренада танымалдығын қамтамасыз етудегі және оның жаһандық қауіпсіздігін нығайтудағы стратегиялық іс-қимылын ерекше атап өтті.

Осыған байланысты, Болат Сәрсенбаев мәдениеттер, діндер мен өркениеттер арасындағы өзара іс – қимылдың жалпы әлемдік процесіне баға жетпес үлес қосып отырған Қазақстанда құрылған қоғамдық бейбітшілік пен келісімнің бірегей моделі-Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі идеяларымен бөлісті.

Кездесу барысында биылғы жылдың 5-6 қазанында Нұр – сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы-Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы М.Әшімбаевтың басшылығымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының және оның жұмыс тобының алдағы XIX отырысы талқылады.

Сонымен қатар, Б.Сәрсенбаев орталықтың халықаралық іс-шараларына, оның ішінде әлемнің 13 еліндегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері базасында өтіп жатқан Съез Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында және оның қорытындысында дөңгелек үстелдерге тоқталып, Тони Рупрехтті осы іс-шаралардың жұмысына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде канадалық саяат қайраткері конфессияаралық диалогты халықаралық деңгейде ілгерілету ісіндегі қазақстандық бастамалардың ерекше үлесін атап өтіп, жоғары құрмет үшін алғысын білдірді, сондай-ақ жаһандық проблемаларды шешудегі бірлескен күш-жігер белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Тони Рупрехт Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын және Солтүстік Америкада, атап айтқанда Канадада қазақстандық бастаманы ілгерілету мәселелері бойынша ынтымақтастыққа дайындығын ерекше атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Канаданың бұрынғы иммиграция және мультимәдениеттілік Министрі Тони Рупрехт Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығы қарсаңында 27 тамызда Қазақстандағы шетелдік журналистерге арналған баспасөз туры аясында Н. Назарбаев орталығында болған.