Ұйым: «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ
Лауазымы: Бас консультант (негізгі қызметкер уақытша болмаған кезеңге)
Құрылымдық бөлімше: Сыртқы байланыстар және ақпараттық жұмыс департаменті
Функционалдық міндеттері:
- Орталықтың серіктестерімен, дінаралық және мәдениетаралық диалог мәселелері бойынша халықаралық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Орталықтың хаттамалық, ақпараттық-имидждік іс-шараларын ұйымдастыру;
- Копирайтинг (пресс-релиздер, көпшілік алдында сөз сөйлеу, тезистер, мақалалар және басқа да ақпараттық материалдар дайындау);
- Орталық іс-шараларының тұжырымдамалық құжаттарын дайындау;
- Дінаралық және конфессияаралық тақырыпта БАҚ мониторингін жүзеге асыру;
- Орталықтың Жарғысына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Білімге қойылатын талаптар:
Гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (жұртшылықпен байланыс, журналистика, халықаралық қатынастар, философия, мәдениеттану, саясаттану, халықаралық құқық, әлеуметтану, тарих мамандықтарына артықшылық беріледі), ұйымның тиісті бейініне сәйкес жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Академиялық (магистр) немесе ғылыми дәрежесінің (PhD докторы) болуы басым болып табылады. Шет тілдерін білгені жөн.
Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай: / электрондық мекенжай: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 57, 5-қабат. Телефоны: 87783044495(ватсап), электрондық мекенжайы: mariya.saduakaskyzy@nnort.org
Толығырақ ақпарат үшін: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii
Өтініш беру шарттары: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);
2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);
3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):
6) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.