Вакансия

Лауазымы: Аналитик маман

Бөлісу

 

Ұйым: Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы

 

Лауазымы: Аналитик маман

 

Құрылымдық бөлімше: Дінтану зерттеулер департаменті

 

Функционалдық міндеттері: 

- Жетекшілік ететін жоба бойынша, қажет болған жағдайда бөлімшенің барлық жобалары бойынша жұмыстың мазмұнын айқындайды және басшылықпен келіседі;

- Жетекшілік ететін жоба бойынша ұйымдастыру қызметін (құжаттарды әзірлеу, уәкілетті органда келісу, бекіту рәсімдері) қажет болған жағдайда бөлімшенің барлық жобалары бойынша жүзеге асырады

- Бөлімшенің жобалары бойынша сарапшылармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

- Бөлімшенің жобалары бойынша зерттеу материалдарын таныстыруға қатысады;

- Бөлімше жобалары бойынша зерттеу материалдарын таныстыруға қатысады;

- Іскерлік хат алмасумен, келіссөздер жүргізумен айналысады;

- Әріптестермен кеңес беру, оқыту, тренингтер өткізеді;

- Жоба мен процестерді жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

Білімге қойылатын талаптар:

- қоғамдық ғылымдар бейіні бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистр/ PhD/ғылым кандидаты/ғылым докторы;

- бөлім қызметінің бейінімен тікелей немесе жанама байланысты 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.

 

Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай:/электрондық пошта: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 57, 5 қабат. Телефоны: 87783044495 (ватсап), электрондық пошта: mariya.saduakaskyzy@nnort.org

 

 

Өтініш беру шарттары: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);

2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);

3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):

6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

 

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.