Вакансия

Лауазымы: Заңгер

Бөлісу

Ұйым: Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы.

Лауазымы: Заңгер

Құрылымдық бөлімше: Персонал басқармасы

 

Функционалдық міндеттері:

  • Қоғамның қызметін құқықтық қамтамасыз ету және оның заңды мүдделерін қорғау;
  • Құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлейді және/немесе әзірлеуге қатысады;
  • Қоғам қызметінің мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсетеді;
  • Әділет органдарында, сондай-ақ ұйымдар мен мемлекеттік органдарда құқықтық мәселелер бойынша Қоғамның мүддесін таныстырады;
  • Шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, Қоғам мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
  • Қоғам қызметінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында талап арыздарды, сот істерін қарау нәтижелерін, өндірістік шарттар жасау және орындау тәжірибесін зерделеуге, талдауға және жалпылауға қатысады;
  • Шарттық қатынастардың нысандарын анықтайды, шарттардың жобаларын әзірлейді.

Білімге қойылатын талаптар:

 

  Гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары (құқықтану) ұйымның тиісті бейініне сәйкес жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай: / электрондық мекенжай: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 57, 5-қабат. Телефоны: 266155, электрондық мекенжайы: mariya.saduakaskyzy@nnort.org

Толығырақ ақпарат үшін: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii

Өтініш беру шарттары: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);

2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);

3)  жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):

6) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

 

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.