Ұйым: Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы КЕАҚ
Лауазымы: Кеңесші
Құрылымдық бөлімше: Съезд бастамаларын іске асыру департаменті
Функционалдық міндеттері:
- Ішкі және әлемдік деңгейде конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты нығайтудың бірегей қазақстандық тәжірибесін ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
- Съездер хатшылықтарының жұмысын ұйымдастыру үшін тұжырымдамалық құжаттардың жобаларын және ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеу.
- Съездердің және Съезд Хатшылықтарының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы бекіткен Іс-шаралар жоспарының тармақтарын іске асыруға қатысу;
Съездерге қатысушылар мен құрметті қонақтардың сөздеріне сапалы талдау жасау;
- Съездердің бастамаларын ілгерілету мақсатында Орталық басшылығының және уәкілетті мемлекеттік органның конференциялар, дөңгелек үстелдер және семинарлар бойынша баяндамалар жобаларын дайындау;
- съездердің қатысушылары мен құрметті қонақтарының сөйлеген сөздеріне сандық және сапалық талдауды жүзеге асырады;
Съездердің бастамалары мен міндеттеріне ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Орталықтың веб-сайты үшін көп форматты материалдарды әзірлеу және қалыптастыру;
Білімге қойылатын талаптар:
- гуманитарлық әлеуметтік, техникалық ғылымдар (менеджмент, халықаралық қатынастар, құқықтану, баспа ісі, дінтану, саясаттану, тарих, мәдениеттану, шығыстану, филология, әлеуметтану, журналистика) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы;
- еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай:/электрондық пошта: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 57,5 қабат. Телефоны: 87783044495(тек жазбаша хабарламалар), электрондық пошта: mariya.saduakaskyzy@nnort.org
Өтініш беру шарттары: конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);
2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);
3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):
6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.