Вакансия

Әлеуметтанушы-экспертты тарту бойынша

Бөлісу

 

Хабарландыру

 

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ жергілікті атқарушы органдардың мамандарына арналған дін саласындағы әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізу бойынша семинар-тренингтерді өткізуге бағытталған жобаны іске асыру аясында ақылы қызмет көрсететін 3 әлеуметтанушы-экспертты тарту бойынша үміткерлерді іріктеуді жариялайды.

 

Техникалық тапсырма

 

Жобаның міндеті:

Нұр-Сұлтан, Түркістан, Орал қалаларында, жақын орналасқан өңірлердің дін саласындағы жергілікті атқарушы органдарының мамандарын тарта отырып әлеуметтанулық зерттеулерді өткізу бойынша үш күндік 3 семинар-тренингтер өткізу.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Семинар-тренингтер өткізу тәжірибесі, сондай-ақ дін және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласында зерттеулер жүргізудің практикалық тәжірибесі бар ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар білікті әлеуметтанушылар.

 

Көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар:

1.1 жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін дін саласындағы әлеуметтанулық зерттеулер бойынша семинар-тренингтер өткізуге қатысу

1.2 бағдарлама негізіндегі кестеге сәйкес және Тапсырыс берушімен жәнеде семинар-тренингтерге қатысатын басқа да сарапшы-әлеуметтанушылармен келісе отырып әртүрлі форматтағы сапалы дәріс, практикалық сабақтар, интерактивті тренингтер өткізу (бағдарлама ұсынылады)

1.3 оқытудың техникалық құралдарын белсенді пайдалану және интерактивті әдістемелерді қолдану

1.4 дін саласындағы әлеуметтанулық зерттеулер жүргізудегі тәжірибелермен алмасу

1.5 семинар-тренинг барысында 2021 жылғы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында орындалған «Дін саласында әлеуметтік зерттеулер жүргізу бойынша әдістемелік құрал» материалдарын түсіндіру

 

 

 

 

 

1.6 Тапсырыс берушімен семинар-тренингтерге қатысушыларға семинарға әзірленген барлық материалдарды, сонымен қатар тұсаукесер-слайдтарды (презентация) ұсыну

1.7 алынған біліммен дағдыларды тестілеу және ахуалдық тапсырмаларды шешу түрінде қорытынды бақылауды әзірлеу және өткізу 

1.8 атқарылған жұмыс туралы есеп жазу

 

Көрсетілетін қызметтердің мерзімі:

Семинар-тренингтерді келесідей мерзімде өткізу жоспарлануда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 2022 жылдың 8-10 маусым күндері
  • Түркістан қаласы – 2022 жылдың 15-17 маусым күндері
  • Орал қаласы – 2022 жылдың 22-24 маусым күндері

 

3 күндік үш семинар-тренингтерді өткізу бойынша көрсетілетін қызметтің болжамды құны: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтар мен аударымдарды ескере отырып, 600 (алты жүз) мың теңге. Сондай-ақ, теміржол көлігімен жол жүру, тұру және тамақтану ақысы да қарастырылған.

 

Сайысқа қатысуға өтінім беру үшін қажетті құжаттар:

  1. Жеке бас куәлігі
  2. Білімі туралы құжаттар
  3. Резюме
  4. Көрсетілетін қызмет құны ұсынылған өтінім-негіздеме

 

Өтінім беру мерзімі: «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ сайтында хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде.

 

          Байланыс телефондары:

8(7172) 266187; +77015208713; + 7777 152 3060

Электронды пошта:

malgarayeva@nnort.org  

zhas_s94@mail.ru