Басқарма

Есенова Д.Б.

Басқарма Төрағасының орынбасары

1988 жылы 6 шілдеде дүниеге келген.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Дінтану» мамандығын бітірген.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Дінтану» мамандығының Магистрі.

Еңбек жолын 2010 жылы Еуразия ұлттық университетінде бастаған.

17.03.2012 ж.- 26.11.2019 ж. Ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер,  Мәдениеттер мен діндер халықаралық орталығының бөлім басшысы.

17.07.2019 ж. - 30.05.2020 ж.  Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев Орталығы, Талдау және ақпараттық жұмыс департаментінің бас кеңесшісі.

31.05.2020 ж.-15.02.2022ж.  Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы, Әдістемелік жұмыс департаментінің директоры.

2022 жылдың 15 ақпанынан Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 

Дін және мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, конфессияаралық және дінаралық келісім, діни экстремизм мен терроризм саласындағы өзекті мәселелер бойынша 40-тан астам ғылыми мақалалар мен 35 әдістемелік ұсынымдардың, құралдар мен кітаптардың авторы және әзірлеушісі.