Жаңалықтар

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы А.Әбибуллаев Қазақстанның және әлемнің діни бірлестік ұйымдары өкілдерімен кездесті

Бөлісу

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Алтай Әбибуллаев Алматыға жұмыс барысында Қазақстанның Бас раввині Е.Коген, Алматы қаласы орталық мешітінің Бас имамы Е.Шоқай, ЮНЕСКО-ның Орталық Азия офисінің директоры К.Пиккатпен, сондай-ақ, БҰҰ-ның Қазақстандағы коммуникация департаментінің басшысы В.Самекпен кездесті. Кездесу барысында өркениетаралық құндылықтар мен дінаралық диалогты ілгерілету туралы сөз қозғалып, өзара ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.