Жаңалықтар

Болат Сәрсенбаев Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті

Бөлісу

Ү.ж.26 сәуірде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Б.Сәрсенбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл ретінде VII Съезді ұйымдастыру және дайындау бойынша орталықтың жұмысы туралы хабардар етіп, ҚМДБ-ның конфессияаралық және этносаралық келісімнің қазақстандық моделін ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтті.

Тараптар 2019 жылы Қасиетті Тақ пен Әл-Азһар арасында қол қойылған «Адами бауырластық және қатар бейбіт өмір сүру туралы» құжатқа, VII Съезд қарсаңында бірлескен іс-шараларды іске асыруға, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни бірлестіктер басшылары клубының отырысына, Х.А.Яссауи кесенесі-кешеніне,  Гауһар ана және Арыстан баб кесенелеріне және  Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы саналатын өзге де киелі орындарына мәдени турларды ұйымдастыруды талқылады.

Сондай-ақ, Б. Сәрсенбаев Наурызбай қажы Тағанұлын халықаралық сарапшылардың, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Сауд Арабиясы, Египет, Ұлыбритания, Иран, Түркия, Ватикан, Үндістан, Пәкістан және Бразилиядан мүшелерінің қатысуымен  ү.ж. мамыр айында өтетін «Әлемнің тұрақты дамуына қол жеткізудегі діни көшбасшылардың рөлі» атты халықаралық онлайн конференцияға қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, Бас мүфти Орталық Басқармасының Төрағасына конференцияға шақырғаны үшін алғыс айтып, ҚМДБ тарапынан Съез идеяларын ілгерілету бойынша Орталықпен бірлескен іс-шаралар өткізуге барлық қажетті күш-жігер жұмсалатынына сендірді.