Вакансия

Экономика, қаржы және әкімшілік департаменті - Экономист

Бөлісу

Ұйым: «Конфессияарадлық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ.

 

Лауазымы: Экономист

Құрылымдық бөлімше: Экономика, қаржы және әкімшілік департаменті

 

Функционалдық міндеттері: 

- Орталықтың материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану кезінде жоғары түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін тиімділікті арттыруға бағытталған конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі экономикалық қызметін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты орындайды.

- Шаруашылық-қаржылық қызмет жобаларын жасау үшін бастапқы деректерді дайындайды және Орталықтың  даму жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді.

- Бюджет қаражатын игеру үшін қажетті материалдық, еңбек және қаржылық шығындар бойынша есептеулерді орындайды.

- Орталықтың және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізеді, үнемдеу режимін қамтамасыз ету, шығындарды азайту, шығындар мен шығыстарды жою жөніндегі шараларды әзірлейді.

- Еңбекті ұйымдастырудың, технологияның жаңа техникасын, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізудің экономикалық тиімділігін айқындайды.

-Әзірленген өндірістік-шаруашылық жоспарларды қарауға, ресурс үнемдеу бойынша жұмыстарды жүргізуге, жоспарлы және есептік құжаттаманы енгізуге және жетілдіруге қатысады.

Білімге қойылатын талаптар:

 - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (Қаржы, экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, салалардағы және әлеуметтік саладағы менеджмент) және экономикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

Құжаттарды тапсыру үшін мекенжай: / электрондық мекенжай: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 57, 5-қабат. Телефоны: 87783044495 (ватсап), электрондық мекенжайы: mariya.saduakaskyzy@nnort.org

Толығырақ ақпарат үшін: http://religions-ongress.org/ru/news/vakansii

Өтініш беру шарттары: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) электрондық поштаны міндетті түрде көрсете отырып, белгіленген нысандағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (№1 қосымша);

2) белгіленген нысандағы түйіндеме (№3 қосымша);

3)  жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

4) тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар адамдар үшін):

6) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.

 

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күнді құрайды.